Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Өскеменде сирек және аса маңызды минералдар институты құрылады. Жаңа ғылыми орталық жұмыс істеп тұрған техникалық университет базасында ашылмақ. Мұнда қазақстандық және бельгиялық ғалымдар бірлесіп, сирек металдарды, оның ішінде литийді тиімді өндірудің жаңа тәсілдерін зерттемек. Бұл бағытта қажет зертханалық база қазірдің өзінде бар.
Қазақстанда сирек жер металдарының 120 кен орны бар, алайда оның 40-қа жетер-жетпесі ғана толық барланған. Ал елдің шығысында кеніштер мен қалдық қоймалары жеткілікті. Ғалымдардың айтуынша, кенді байыту кешені іске қосылса, Қазақстан шикізатты ғана емес, қосылған құны жоғары дайын өнімге жақын металдарды экспорттай алады. Қазір елімізде Еуропа мен АҚШ экономикасы үшін маңызды 20-ға жуық металл өндіріледі.
ЕРНАТ ҚОЖАХМЕТОВ, ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Қазір Еуропа мен АҚШ-та сирек жер металдарының тапшылығы қатты сезіліп отыр. Қазақстан бұл ретте тек шикізат базасы болып қалмай, жаңа мүмкіндіктерді пайдалана алады. Біз Еуропада, Америкада және Қытайда қазірдің өзінде қолданылып жатқан технологияларды өз елімізде енгізе аламыз. Осылайша, Қазақстанды бұрынғыдай тек «шикізат көзі» ретінде қабылдау түсінігінен арылуға мүмкіндік туады.
Қазақстанда сирек жер металдарын барлауға арналған 20-ға жуық әлеуеті жоғары учаске анықталған. Бұл туралы бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеген еді. Ал әлемде литийге деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2025 жылы литий-ионды аккумулятормен жүретін электромобильдердің әлемдік сатылымы 20 пайызға артқан.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.