Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Мемлекет шаруалар жағында болуға тиіс. Астанада «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің алғашқы отырысында ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты нақты шешімдер әзірлеу мақсатында бизнес өкілдері, салалық қауымдастықтар, Құрылтай депутаттарын және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері бір алаңға жиналды.
Пікірталас барысында екі негізгі бағыт қаралды. Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және астық нарығындағы түйткілдер. Аграрлық сектор өкілдері жайылымға қолжеткізу мүмкіндігі шектеулі екенін және қосарланған салық мәселесін көтерді. Субсидияларға әділ қолжеткізуді қамтамасыз ету үшін кооперативтердің мөлшері мен ауқымын заңнамада нақты белгілеу қажет екені айтылды. Жиында көтерілген негізгі бағыттардың қатарында азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, ауыл тұрғындарының табысын арттыру, қайта өңдеу ісі мен экспорттық әлеуеттін дамыту бар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.