Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қазақстан түркі мемлекеттерінің ғылыми ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруді ұсынып отыр. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолия ұлттық ғылым академияларының басшылары университет ғалымдарымен кездесті.
Басқосуда бірлескен зерттеулер жүргізу, ғылыми тәжірибе алмасу және халықаралық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев түркі халықтарына ортақ тарихи әрі мәдени мұраны зерттеудің маңызын атап өтті. Ғылыми жұмысты үйлестіру үшін ортақ мақсаттарды айқындап, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ықпал ететін арнайы ғалымдар тобын құруды ұсынды. Кездесуде жас зерттеушілерді қолдау және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері де сөз болды.
ИСА АКБАР ОҒЛЫ ГАБИББЕЙЛИ, ӘЗЕРБАЙЖАН ҰҒА ПРЕЗИДЕНТІ:
— Бауырлас Қазақстанның барлық бағытта қарқынды дамып келе жатқанын өз көзіммен көргеніме өте қуаныштымын. Оның бір мысалы – әл-Фараби атындағы университет. Мұнда дәстүр мен заманауилық қатар үйлесім тапқан, кампусы да өте жақсы. Университетте әлемдік деңгейдегі цифрлық жаңашылдықты көрдім. Бүгінде студенттер осы технологиялармен айналысып жатыр. Ал ертең олар жетістікті дамытып, бауырлас Қазақстанның болашағын қалыптастыруға өз үлесін қосады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.