V Азия Пара ойындары: Қазақстан құрамасы қоржынында үш алтын

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

V Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынында үш алтын. Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан жарыста отандастарымыз пара дзюдо, пара пауэрлифтинг және пара нысана көздеуден топ жарды.
Алғашқы алтындардың бірін пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов еншіледі. Ол 10 метр қашықтықта 249,1 ұпай жинап, жарыс рекордын жаңартты. Сондай-ақ Лос-Анджелес – 2028 Паралимпиада ойындарына жолдама алды.
Пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақта 192 келіні көтеріп, Азия Пара ойындарында жаңа рекорд орнатты.
Ал пара дзюдошы Ибраһим Нұрмаханұлы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде барлық қарсыласынан басым түсіп, чемпион атанды. Бұған қоса, Тұрсынай Қабыл пара пауэрлифтингтен күміс медаль жеңіп алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын және бір күміс жүлде бар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал