Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
СОҢҒЫ САПАР
Алматы-Өскемен тасжолында жойқын жол апаты болды. Шағын автобус жүк көлігімен соқтығысты. Екі адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы он шақты жолаушы жарақат алып, ауруханаға түсті.
ИЕСІЗ ҚАРУ
Шолақ мылтық, тапанша және граната. Алматыдағы тұрғын үйлердің маңынан қару-жарақ толы қапшық табылды. Оны ағаш түбіне жасырып кеткен адам іздестіріліп жатыр. Полиция қылмыстық іс қозғады.
МАЙМЫЛ ШЕШЕГІ
Ресей жерінде бір адам маймыл шешегін жұқтырған болуы мүмкін. Қауіпті індеттің белгілері бар науқасты мамандар тексеріп жатыр. Осыған байланысты Қазақстан шекарасында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ
Жасанды интеллект, ұшқышсыз аппарат және жаңа технология. Мемлекет басшысы құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, сала жұмысын замануи үлгіге сай өзгертуді ұсынды. Енді елдегі 22 мың құтқарушының біліктілігін арттыру жүйесі жаңара ма?
ЕҢ КІШКЕНТАЙ ПАЦИЕНТ
Елорда дәрігерлері үш айлық нәрестеге ерекше операция жасады. Хирургтар бас сүйегінде ақауы бар балаға алғаш рет эндоскопиялық лоскутты краниотомия тәсілін қолданды. Тәуекелге бел буған мамандардың үміті ақталды ма?
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.