Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Шымкенттің қақ орталығындағы пәтерден газ шығып, 2 бала уланып қайтыс болды. Тағы үш адам ауруханаға түсті. 3 жасар бүлдіршін ес-түссіз жатыр екен. Шымкенттегі тілшіміз зардап шеккендерді жеткізген аурухана алдында тұр.
ГҮЛДАНА СЕЙДРАСУЛ, ТІЛШІ:
— Шымкентте 5 адам газдан уланып, екі бала көз жұмды. Оқиға кеше 19 қазан күні Шығыс шағынауданындағы көпқабатты үйдің бірінде болған. Жарты жылдан пәтер жалдап тұратын екі құрбының балалары оқиға орнында тіл тартпай кетті. Ал үш адам ауруханада жатыр. Қазір біз де ауруханадамыз. Мұнда 27 жастағы әйел бүгін палатаға шықты, ал оның үш жасар қызы комада жатыр. Қайтыс болған 4 жасар ұл бала да осы келіншектің перзенті еді. Екінші әйелдің 15 жастағы қызы газ шыққан уақытта ваннада болған екен, оның жансыз денесі сол жерден табылған.
Бұл жағдай бойынша құзырлы орган өкілдері әлі ешқандай ресми мәлімет берген жоқ. Ал оқиға болған көпқабатты үйдің тұрғындары үрейленіп отырғанын айтады. Қазір ол жерде газбен жабдықтаушы мекеме тарапынан тексеру жүріп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.