Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Көкшетаудағы «Сарыарқа» шағын ауданында 10 жастағы бала ашық кәріз құдығына құлап кеткен. Абырой болғанда, сол маңда жүрген ересектер жабылып, су толған терең құдықтан оны шығарып алған. Әйтпесе қайғылы жағдай орын алуы әбден мүмкін еді.
Зардап шеккен баланы шұғыл түрде медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізді. Бақытына қарай, бала дін аман, тек қорқып қалған. Дәрігерлер тексергеннен кейін оқушыны үйіне жіберді. Ашық қалған кәріз құдықтары облыс орталығы тұрғындарын көптен бері алаңдатып келеді. Бұл құдықтың тіпті қақпағы да болмаған. Оның орнына қойылған бірнеше тақтай ғана тұр. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
ҚАЗБЕК СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕТАУ СУ АРНАСЫ» МҚК БАС ИНЖЕНЕРІ:
— Жаңа ғана пайдалануға берілген үйдің жанындағы құдықтарға мердігерлер әлі қақпақ орнатпаған. Кейін оларды бізге балансқа берді. Жаздың басында қабылдап алдық. Қазір Сарыарқа шағын ауданын түгел аралап, барлық құдықты тексеріп жатырмыз. Алайда кадр тапшылығына байланысты осы құдыққа әлі жетіп үлгермедік. Бізге слесарьлар жетіспейді. Сондықтан барлық құдыққа уақытылы қызмет көрсету қиынға соғып отыр. Қазір бұл құдыққа қақпақ орнатылып, қажет жұмыс орындалды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.