Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Tesla-мен соқтығысып, көпірден құлаған ассенизатор көлігінің 71 жастағы жүргізушісі аман. «Дәрігерлер қараған соң, жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап, оны амбулаторлық емге жіберді», — деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Жол апаты елорданың айналма жолында кеше болған. Полицияның мәліметінше, көпірге көтеріліп бара жатқан Tesla тізгініндегі 49 жастағы әйел басты жолмен келе жатқан жүк көлігіне жол бермеген. Соққының қатты болғаны сонша, ассенизатор қоршауды бұзып, көпірден құлаған.
НҰРЛАН ҚАПАРОВ, ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Tesla көлігінің 49 жастағы жүргізушісі жол айрығымен көпірге көтерілгенде негізгі жолмен келе жатқан жүк көлігін қиып өткен. Салдарынан жүк көлігі қоршауды бұзып, көпірден құлады. 71 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.