Ақтөбеде тұрғындар жатақханаға қасақана өрт қойылып жүр деп күдіктенеді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Ақтөбеде бір жатақхана екі айда жеті рет өртенген. Біздің тілшіміз де оқиға орнына жетіп, қорқып қалған тұрғындармен тілдесіп, жағдайларын сұрап келді.
Олар біреу қасақана өрт қойып жүр деп күдіктеніп отыр. Кінәліні тауып, жазалауды талап етті. Тіпті соңғы өрттен кейін тұтас ғимарат жарықсыз қалған. Үш күннен бері жұрт қараңғыда отыр. Бірі туыстарын жағалап кетсе, енді бірі амалсыздан жарығы жоқ бөлмеде күнелтіп жүр. 30 бөлмелі жатақханада негізінен зейнеткерлер, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасы тұрады.
Ал полиция өрттің қасақана қойылғанын растаған жоқ. Тексеру қорытындысы бойынша, алғашқы өрт жертөледегі электр қалқанының ақауынан шыққан, ал екінші жолы тасталған темекі тұқылынан түтіндеген. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, соңғы екі айда мұнда жеті өрт тіркелген. Оның үшеуі соңғы аптада болған. Мамандардың айтуынша, бұған ашық отты пайдалану себеп.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал