Ыстамбұлдағы табиғи апат салдарынан алты адам қаза тапты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Ыстамбұлда соңғы 84 жылда болмаған нөсер жауын жауып, қалада алапат тасқын болды. Табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 6 адамға жетті.
Жауын-шашын мөлшері 270 миллиметрден асып, көшелерді су басып, тұрғын үйлерге, коммерциялық нысандар мен көліктер жүзіп кеткен. Бірқатар ауданда су деңгейі көтеріліп, тұрғындардың күнделікті тіршілігіне кедергі келтірді. Қазір құтқару қызметтері апат салдарын жою және зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстарын жүргізіп жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал