Санкт-Петербургте маймыл шешегі вирусы ресми түрде расталды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Санкт-Петербургте қауіпті маймыл шешегі вирусы ресми түрде расталып, бұл жағдай қоғамда үрей туғызды. Осыған байланысты біздің елде де шекарадағы санитариялық-карантиндік бақылау қатаңдатылды. Бұл дерттің қаупі қандай және қазақстандықтар қалай қорғануы керек?
АЙЗАТ ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
— Санкт-Петербургте бес науқастан маймыл шешегі инфекциясы ресми түрде расталды. Бұған дейін Мәскеу облысында да осы ауруды жұқтырған болуы мүмкін адамдармен байланыста болған тағы бес адам ауруханаға жатқызылған болатын. Қазір науқастармен байланыста болған адамды анықтау және ошақтарда дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Маймыл шешегі – адамға жануарлардан жұғатын жұқпалы ауру. Сондай-ақ, бұл инфекция адамнан адамға да берілуі мүмкін.Алғаш рет маймыл шешегі 1958 жылы маймылдарда, ал адамдарда 1970 жылы анықталды. Негізінен маймыл шешегі Орталық және Батыс Африка елдерінде кездеседі. 2022 жылғы мамырда маймыл шешегі эндемиялық емес бірнеше елдерде анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүгінге дейін маймыл шешегі әлемнің 75 елінде анықталған, 16 мыңнан астам жұқтырған және 5 адам қайтыс болған. Сондықтан, сақтықта қорлық жоқ. Қазір Қазақстанда да мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал