Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз алкагольдік ішімдік ішкен екі адам мерт болды. Тағы біреуінің жағдайы өте ауыр. Қазір ол жансақтау бөлімде ес-түссіз жатыр. Ақ халаттылардың сөзінше өткен демалыс күндері қала тұрғындары жиналып, қолдан жасалған ащы сусынды тұтынған. Салдарынан денсаулықтары күрт нашарлап, барлығы ауыр халде көпбейінді ауруханаға жеткізіледі. Өкінішке қарай 52 және 48 жастағы екі азаматтың өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады. Бірі медициналық мекемеге түскен күні көз жұмса, екіншісі бірнеше күннен соң қайтыс болған. Жаңа ұстатарлық жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Болған оқиғаның мән-жайын енді полиция қызметкерлері анықтайды.
ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Оларды әкелген адамдар яғни белгісіз ішімдік ішкен деп айтқан болатын. Үшеуі де ер адам. Ауруханаға түскен кезде әлсіреу, бас айналуы, маңындағы адамдарды танымау, құсу секілді осындай белгілер болған. Өзіміздегі бар ақпаратқа сәйкес үшеуі де бір құтыдан ішкен.
ЖАНБОЛАТ МАХАТОВ, ЕКІНШІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
— Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам бөтелкені қоқыс контейнерінен тауып алған. Тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Құрамы тексеріледі. Қылмыстық іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.