Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Су жылытқыш орнатуға рұқсат етілмеген. Шымкентте газдан уланған екі баланың өліміне қатысты жантүршігерлік дерек анықталды. Ауруханаға жеткізілген үш зардап шегушінің жағдайы қалай?
Оқиға Күншығыс шағынауданындағы дәл осы көпқабатты үйде болған. Екі бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала анасымен ауруханаға хәлсіз жеткізілді. Бұл пәтерді екі отбасы жалға алған.
Газға уланған әйел бірнеше сағаттан кейін есін жинап, туысына хабарласып, көмекке шақырыпты. Жақын маңдағы туысы келгенде, жуынатын бөлмеден 15 жастағы жасөспірімнің денесін тапқан. Ал 4 жасар бүлдіршін ұйықтап кеткен.
27 жастағы әйел палатаға шықты, ал оның үш жасар сәбиі әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Айта кетейік, қайтыс болған 4 жасар бала да осы келіншектің перзенті еді.
МАДИНА ЕРМАХАНБЕТОВА, ГИПЕРБАРИЯЛЫҚ ОКСИГЕНАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
— Дәрігерлердің шұғыл, толыққанды көмек көрсетуінің арқасында бүгінгі таңда 1999 жылғы науқастың жағдайы жақсарып, токсикология бөліміне ауыстырылды. 2023 жылғы науқастың жағдайы біршама жақсарды, бірақ емін әлі де жансақтау бөлімінде жалғастырады.
Қазір арнайы мамандар мұндағы пәтерлерді тексеріп, кінәратты анықтауға тырысып жатыр. Өндірістік-техникалық бөлім бастығының айтуынша, бұл үйге су жылытқышын орнатуға рұқсат етілмеген. «Осы жағдай қайғылы оқиғаға тікелей себеп болуы мүмкін», — дейді.
НҰРБЕК РАХМАНОВ, ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
— Біздің апаттық қызметтің қызметкерлері барып, тексерген кезде үйден көміртегі газының концентрациясы анықталған жоқ. Қазіргі таңға уәкілетті органдар тарапынан тексеру жүргізіліп жатыр, тек соның нәтижесі шыққаннан кейін белгілі болады. Бұл тек газ плитасына арналған үйлер, ол жерде қосымша газ су жылытқышы орнатылған, ал бұл үйлер оны қоюға арналмаған.
Екі отбасыға қайғы әкелген оқыс жағдайдың барлық мән-жайын құзырлы органдар зерделеп жатыр. Ал полиция бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.