Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Көкшетаудағы «Сарыарқа» шағын ауданында 10 жастағы бала ашық кәріз құдығына құлап кетті. Абырой болғанда, сол маңда жүрген ересектер жабылып, оны шығарып алды. Әйтпесе қайғылы жағдай орын алуы әбден мүмкін еді. Шұғыл түрде медициналық көмек көрсету үшін зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді. Бала дін аман, тек қорқып қалған. Дәрігерлер тексеруінен соң үйіне жіберілді. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
ҚАЗБЕК СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕТАУ СУ АРНАСЫ» МҚК БАС ИНЖЕНЕРІ:
— Жаңа ғана пайдалануға берілген үйдің жанындағы құдықтарға мердігерлер әлі қақпақ орнатпаған. Кейін оларды бізге балансқа берді. Жаздың басында қабылдап алдық. Қазір Сарыарқа шағын ауданын түгел аралап, барлық құдықты тексеріп жатырмыз. Алайда кадр тапшылығына байланысты осы құдыққа әлі жетіп үлгермедік. Бізге слесарьлар жетіспейді. Сондықтан барлық құдыққа уақытылы қызмет көрсету қиынға соғып отыр..Қазір бұл құдыққа қақпақ орнатылып, қажет жұмыс орындалды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.