Аягөздегі орталықта ерекше балаларға қорлық көрсетудің 100-ден астам дерегі тіркелді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Бұл кадрда баланы сабаған қызметкердің бір сәті ғана көрсетілген. Сөйтсек, ерекше балаларды күн сайын ұрып-соғып, қорқытады екен. Бір бала емес, жүздеген тәрбиеленушіге психологиялық қысым көрсетілген.
Бұл – Абай облысы Аягөз ауданындағы арнаулы орталықтағы жағдай. Орталық қызметкерлері балалардың дәрменсіз күйін пайдаланып, оларға орынсыз күш көрсетіп, қысым жасағаны белгілі болды. Прокуратура осындай былықтың бетін ашып, қорлық көрсетудің 100-ден астам дерегін тіркеді. Ол аздай өзге қызметкерлер бұны біле тұра ешқандай шара қолданбаған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер жұмыстан шеттетілді.Оларға баланың қасына жолауға болмайды деп шектеу қойды. Тексеру жүріп жатыр.
АЙЫМ ҚАБЫЛОВА, ПРОКУРОР:
— Қылмыстық кодексінің 140-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қатысы бар кінәлі тұлғалар қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетіліп, балалармен қарым-қатынас жасауы шектелді. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары болып қала береді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал