Ресейде маймыл шешегін жұқтырған бес науқас тіркелді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Санкт-Петербургте бес науқастан маймыл шешегі инфекциясы ресми түрде расталды. Бұған дейін Мәскеу облысында да осы ауруды жұқтырған болуы мүмкін адамдармен байланыста болған тағы бес адам ауруханаға жатқызылған болатын. Қазір науқастармен байланыста болған адамды анықтау және ауру ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.
Маймыл шешегі – адамға жануарлардан жұғатын жұқпалы ауру. Сондай-ақ бұл инфекция адамнан адамға да берілуі мүмкін. Алғаш рет аталған дерт 1958 жылы маймылда, ал адамда 1970 жылы анықталды. Негізінен, бұл инфекция Орталық және Батыс Африка елдерінде кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүгінге дейін маймыл шешегі әлемнің 75 елінде анықталған, 16 мыңнан астам адам жұқтырған және 5 і қайтыс болған. Сондықтан сақтықта қорлық жоқ. Қазір Қазақстанда да мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді.
ГҮЛНАЗ АЙТЫМБЕТ, СЭБ КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:
— Атап айтқанда, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді. Ауру жағдайлары тіркелген елдердегі эпидемиологиялық жағдайға және осы мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жүргізіліп жатыр. Барлық өткізу пункті мен санитариялық-карантиндік пункті дене температурасын жанаспай өлшейтін құралдармен жабдықталған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал