Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Әлемнің бірнеше елінде табиғи апаттар мен жаппай тәртіпсіздіктер тіркелді. Колумбияда алтын кеніші опырылып, 14 адам қаза тапты. Испания мен Түркияда нөсер жауыннан кейін алапат тасқын болып, адам шығыны артты. Ал Франция, Италия және Албанияда наразылықтардан кейін қоғамдық қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Колумбияда алтын кеніші опырылып, 14 адам қаза тапты. Тағы жеті адам түрлі жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді. Оқиға орнына құтқарушылар жетіп, үйінді астында қалған адамды іздестіру жұмыстарына кіріскен. Жергілікті тұрғындар да қарап қалмады. Алдын ала мәлімет бойынша, кеніш заңсыз жұмыс істеген. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Испанияның шығысында толассыз жауған жаңбырдан кісі өлімі тіркелді. Тасқыннан 5 адам қаза тапты. Әсіресе Валенсия аймағы мен Аликанте провинциясында тәулік ішінде бір шаршы метрге 600 милиметрден астам жауын түскен. Өзен арнасынан асып, көшелерді су басты. Жүздеген адам үйлердің шатырында, көлік пен ғимарат ішінде қалып қойған. Құтқарушылар тікұшақпен екі мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге көшірді. Жауын бәсеңдегенімен, бірнеше ауданда қауіп әлі сейілген жоқ.
Ал Ыстамбұлда соңғы 84 жылда болмаған нөсер жауыннан 6 адам көз жұмды. Коджаэли провинциясында тағы екі адамның өлімі тіркелді. Жауын-шашын мөлшері 270 миллиметрден асып, көшелерді су басып, тұрғын үйлерге, коммерциялық нысан қирап, көлік жүзіп кеткен. Бірқатар ауданда су деңгейі көтеріліп, тұрғындардың күнделікті тіршілігіне кедергі келтірді. Қазір құтқару қызметтері апат салдарын жою және зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Миланда да қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтілді. Қалаға қосымша 500 әскери қызметші жіберу жоспарланған. Наразылық кезінде 14 құқық қорғау органының қызметкері жарақат алған. Оқиғаға байланысты 32 адам ұсталып, тағы 271 адам полиция бөлімшелеріне жеткізілген. Олардың арасында кәмелетке толмаған бала да, шетел азаматтары да бар. Қалада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жалғасып жатыр.
Ал Албания астанасы Тиранада полиция мен наразылыққа қатысушылар арасындағы қақтығыстар жалғасып жатыр. Елдегі наразылықтар бірнеше күннен бері толастамай отыр. Қақтығыстар кезінде 28 адам жарақат алған, олардың 19-ы – полицей. Бір офицерге «Молотов коктейлі» лақтырылып, оның киімі отқа оранған. Алайда ол жалынды өз күшімен сөндірген. Сонымен қатар Тиранада полиция бөлімшесі мен үкімет ғимараттарына шабуыл жасалған. Қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.