Skills Enbek онлайн платформасы арқылы қосымша білім ала аласыз

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Елімізде 45 жастан асқан азаматтың жұмысқа орналасуы қиындап барады. Ресми дерек бойынша, орта жастағы 130 мыңға жуық адам жұмыссыз жүр. Кейбір компания тәжірибелі маманнан гөрі жастарға басымдық береді. Себебі оларды белсенді, заманауи технологияларды тез меңгеруге бейім деп санайды. Жалпы, жұмыс іздеушілерге қазір қандай талап қойылған?
55 жастағы Жанна Молдағазиева – отыз жылдық тәжірибесі бар аспаз. Бірақ осындай еңбек өтіліне қарамастан, ұзақ уақыт жұмыс таба алмай қиналған. Айтуынша, жұмыс берушілердің кейбірі түйіндемесін көрген бойда жасына мән беріп, кейін хабарласамыз деп шығарып салған.

ЖАННА МОЛДАҒАЗИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Көбіне: «бізге жас, ширақ адам керек», — дейді. Кейбір жұмыс беруші мұны ашық айтады. Бірақ бұл жасқа байланысты емес. Түйіндемеден жасымызды көріп, «кейін хабарласамыз» дей салады. Бірақ қоңырау шалмайды. Бұл мүлде дұрыс емес.

Жасына байланысты жұмысқа орналаса алмаған жалғыз Жанна Молдағазиева емес. Еңбек және халықты әлеуметті қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 45 жастан асқан 130 мыңға жуық адам жұмыссыз жүр. Оның 52 мыңы – 55 жастан асқан.
Ал HR мамандары мәселенің бәрін жас ерекшелігімен байланыстыруға болмайтынын айтады. Жұмыс берушілер бірінші кезекте үміткердің тәжірибесіне, кәсіби білімі, жаңа технологияны меңгеру дағдысына қарайды. Еңбек нарығындағы бәсекелестік те жоғары. Мәселен, HeadHunter платформасында 2,5 миллионнан астам түйіндеме бар. Ал жарияланған бос жұмыс орынның саны 120 мыңның айналасында. Яғни бір орынға 21 үміткер таласады.

МҰХАМЕД БАҒДАТҰЛЫ, HН ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:
— Заман талабы өзгеріп жатыр. Жұмыс іздейтін адамдарға талап жоғары. Шет тілдерін білу, ЖИ-мен жұмыс істеу алу, сонымен қатар стресске төзімділік, жауапкершіліктің жоғары болуы секілді жеке дағдылар ескеріледі.
Сарапшылардың пікірінше, жұмыс табу үшін біліктілікті үнемі арттырып отыру қажет. Осы мақсатта министрлік Skills Enbek онлайн платформасын іске қосқан. Мұнда азаматтар үйден шықпай-ақ, өзіне ыңғайлы уақытта қосымша білім алып, жаңа дағдыны меңгере алады. Жалпы, елімізде еңбек саласында жасына байланысты кемсітуге тыйым салынған. Егер бос жұмыс орнында жасқа қатысты негізсіз шектеу қойылса, азаматтар еңбек инспекциясына шағымдана алады.
Жалпы, елімізде шамамен 400 мыңнан астам жұмыссыз азамат тіркелген. HR мамандары жұмыс іздеушілерге түйіндемелерін үнемі жаңартып, жаңа дағдыларды меңгеруге кеңес береді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал