Тобыл қаласына жақын жерде тұңғыш экобақ ашылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қостанай облысында 44 гектарға жуық орман алқабы жаңа демалыс орнына айналды.
Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округінде, Тобыл қаласына жақын жерде өңірдегі тұңғыш экобақ ашылды. Аумақты абаттандыруға 660 миллион теңге бағытталған. Велосипедшілер мен жүгірушілерге арналған 2,5 шақырымдық жол, футбол және волейбол алаңы бар. Сондай-ақ workout аймағы жабдықталды. Балалар ойын кешені, демалыс күркесі, орындықтар мен әткеншекке қызығып, көршілес қаладан да тұрғындар келіп жатыр. Көлікпен жету оңайырақ, сондықтан тұрақ аумағын үлкейтпек. Ал автобус бағытын іске қосу мүмкіндігі әлі де қарастырылады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал