QGate жүйесі арқылы шекарадан 10 секундта өтуге болады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Биыл жазда Жетісу облысына 2 миллионнан астам турист келген. Дені Алакөл мен Балқашқа, «Алтынемел» паркіне және «Қорғас» шекара аймағына барыпты.
Қазір «Қорғаста» күн сайын 5 мыңға жуық адам шекарадан өтеді. Кезекті азайтып, уақытты үнемдеу үшін мұнда «QGate» жаңа электронды тексеріс жүйесі енгізіліп жатыр. «Ол арқылы шекарадан 10 секундта өтуге болады», — дейді мамандар. Сондай-ақ, орталықта 48 жаңа туристік жоба қолға алынған. Келушілер мұнда сауда жасап қана қоймай, Қытай мәдени орталығындағы мұражайды аралап, заманауи 9D кинотеатр мен саябақта демала алады. Тіпті күніне жүзден астам адам шығыс медицинасы бойынша ем қабылдайды екен.
МҰРАТ МӘДИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
— 2025 жылы орталыққа 2 млн-ға жуық адам келіп, билет сатудан түскен кіріс көлемі 3,1 млрд теңгені құрады. Бүгінде Қорғас ірі сауда алаңы ғана емес, шоппинг туризмінің танымал бағыттарының біріне айналып келеді. Орталықтың аумағында 7-ден астам ірі сауда кешені мен 2500-ден астам бутик жұмыс істейді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал