Халық Кеңесіне азаматтардан өтініштер толассыз түсіп жатыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Елімізде жақында құрылған жаңа қоғамдық институт – Халық Кеңесінің жұмысы қыза түсті. Құрылымның басты міндеті – елдегі қоғамдық келісімді нығайту және ішкі саясат бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу. Мемлекеттік орган құрылғаннан бері азаматтардан өтініштер үздіксіз түсіп жатыр. Кеңес мүшелерінің айтуынша, негізгі мақсат – әрбір өтінішті мұқият зерделеп, нақты шешім қабылдау. Ұйым өкілдері қоғамда туындаған кез келген өзекті мәселеге жедел араласып, халықтың жанынан табылатынын мәлімдеді.

ТӨЛЕГЕН КҮНӘДІЛОВ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
Конституцияда көрсетілгендей, Қазақстан Халық Кеңесі Құрылтайға заң жобаларын енгізе алады. Сонымен қатар жалпыұлттық референдум өткізу жөнінде бастамалар көтере алады. Сондықтан Қазақстан Халық Кеңесі – Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал