Қазақстанда ірі металлургия кәсіпорны салынады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Жаңа зауыттың құрылысы – осы бағытта атқарылып жатқан белсенді жұмыстың нәтижесі. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысына телекөпір арқылы бастау берді. Ақтоғайда металлургия кәсіпорнын салуды ел экономикасының дамуына жаңа серпін беретін ең маңызды жобалардың бірі деп атады.

«Өздеріңізге белгілі, бүгінде Қазақстан тарихи өрлеу дәуіріне қадам басып, қарқынды дамып келеді. Халқымыздың бірлігі мен жасампаз қуатының арқасында біз ауқымды реформаларды сәтті жүзеге асырып жатырмыз. Конституцияға сәйкес, жер қойнауындағы табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Сондықтан мұндай өнеркәсіптік жобалар ең алдымен еліміздің игілігі үшін қызмет етеді», – деп атап өтті Президент.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал