V Азия Пара ойындары: қос алтын Қазақстан қоржынына түсті

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қазақстан құрамасының қоржынында бесінші алтын! Отандасымыз пара жүзуші Диас Кенжебек бүгін Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
Диас ерлер арасында 100 метрге шалқалап жүзу сайысының финалында 1 минут 1,98 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті. Осылайша, ол Азияның бұған дейінгі рекордын жаңартты. Оған дейін тағы бір алтынды қоржынымызға пара дзюдошымыз Бексұлтан Құлмырза салды. 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Донхунды жеңіп, Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал