Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Елорда тұрғындары жылы киіне бастады. Себебі жаймашуақ күндердің орнын ызғар басты. Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылып, солтүстік пен шығыс аймақта ауа температурасы нөл градусқа дейін төмендеді. Көп ұзамай қар жауады деген болжам да бар. Әзірге тек батыс пен оңтүстік өңірлерде күн жылы.
Ауа райының нашарлауына байланысты «ҚазАвтоЖол» жолаушыларға ескерту жасады. Ақмола, Абай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерде қалың қар түсуі мүмкін. Осыған байланысты республикалық автожолдың кейбір бөлігінде жол тайғақ болады. Мамандар жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жылдамдықты асырмай, оқыс маневр жасамауды ұсынады.
АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 20 қазанда күндіз Павлодар облысында, 21-22 қазанда елдің шығысында қатты жауын-шашын, жаңбыр мен қар түрінде болжанады. Тек оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1-3 градусқа дейін үсік жүреді. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.