Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
БАЛА УЛАНДЫ
Әлсіз үміт бар. Шымкентте баласынан айрылған ана әлі есін жиған жоқ. Қаланың қақ ортасындағы пәтерден газ шығып, екі бала уланып өлді. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Ал көршілер үрейленіп отыр. Қайғылы оқиғаның артында не тұр?
ҚАҚПАҚСЫЗ ҚҰДЫҚ
Көкшетауда 10 жасар бала су толған кәріз құдығына құлап кетті. Оның қақпағы болмаған. Балақай аман қалды. Ал «Су арнасының» бас инженері кадр тапшылығын айтып ақталды. Қылмыстық іс қозғалды. Қалада қақпағы жоқ қанша құдық бар?
ШЕШЕК РАСТАЛДЫ
Ресейде тараған маймыл шешегі шын болып шықты. Осыдан кейін Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді. Жұқпалы індет қаншалықты қауіпті? Одан қорғанудың жолы қандай? Мамандар кеңесін ұсынамыз.
ҮРЕЙ ҚҰШАҒЫНДА
Ақтөбеде ескі жатақхана екі айда 7 рет өртеніп, жарық өшті. Ондағы 30 отбасы оқыс оқиғадан сескеніп, үрей құшағында отыр. Тұрғындар отты біреулер қасақана қою мүмкін деп күдіктенеді. Ал бұл жағдайға қатысты мамандардың пікірі мүлдем басқа.
10 СЕКУНД
Қазақстан шекарасын 10 секундта кесіп өтуге болады. Отандық мамандар шетелдік туристерге таптырмас мүмкіндік ұсынбақ. «Қорғаста» іске қосылғалы отырған жаңа жүйе несімен ерекше? Кезекті азайтып, уақытты үнемдейтін жоба туралы айтамыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.