Алматы облысында көлік қағып кеткен оқушыға шұғыл операция жасалды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Алматы облысы Қарасай ауданында осыдан екі апта бұрын жол талғамайтын көлік соққан оқушы қыздың бауыры жыртылып, оған шұғыл түрде күрделі операция жасалған. Қазір ауруханадан үйіне шығарылды. Анасы әлі де қатты ауырсынуды сезінеді және оған қосымша тексеру мен ұзақ оңалту процесі қажет деп отыр. Зардап шеккен баланың жақындары көлік жүргізушісі тарапынан осы уақытқа дейін ешқандай материалдық немесе моральдық көмек көрсетілмегенін айтты. Жол-көлік оқиғасына байланысты құқық қорғау органдары тиісті тексеру жүргізіп жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал