Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Бөтелкеден күмәнді сусын ішкендердің жағдайы қалай? Солтүстік Қазақстандық дәрігерлер қолдан жасалған тұнбаны ішіп, уланып қалған науқастың өміріне алаңдаулы. 75 жастағы қарияның беті бері қарамады. Сондықтан медицина мамандары оны жасанды комаға жіберуге мәжбүр болғанын айтады. Зейнеткердің ес-түссіз жатқанына төрт күннен асты.
Еске салайық, өткен демалыс күндері Петропавл қаласының үш тұрғыны белгісіз ішімдік тұтынған. Артынша барлығының денсаулығы күрт нашарлап, көпбейінді ауруханаға жатқызылады. 52 және 48 жастағы екі ер адам емдеу мекемесінде жан тапсырған. Полиция департаменті аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады. Тәртіп сақшылары күмәнді шөлмекті қоқыс жәшігінен тауып алғанын анықтады.
ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Үшінші науқастың жағдайы әлі де ауыр. Ол ауруханада ем қабылдап жатыр, дәрігерлердің бақылауында. Мамандарымыз оның денсаулығына байланысты қандай да бір болжам жасауға әлі ерте дейді. Қазіргі кезде науқас дәрілердің көмегімен ұйықтап жатыр. Яғни ол медициналық комада деп айтуға болады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.