Астанада кондитерлік өнімге есірткі қосып сатқан интернет-дүкеннің қызметі әшкере болды.

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Сіз қандай печенье жеп жүрсіз? Бұған қаншалықты мән бересіз? Себебі есірткі қосып пісіріп, интернет дүкен арқылы сатып жүргендер анықталды. Астана полициясы мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп, жалдамалы пәтерде осындай әрекетке барған бес ер адамды ұстады.
Олар жүйемен жұмыс істеген. Арнайы ұйымдастырушысы болған. Жеке қоймашысы буып түйетін қызметкерлер алған. Сөйтіп, тәулік бойы тәтті бәлішке марихуана, гашиш, каннабис шайыры сияқты есірткілерді араластырып отырған. Кондитерлік өнімнің түр-түрі бар. Ұсталған сәтте салмағы 100 грамм 238 дана печенье тәркіленді. Күдіктілерді тінтіп, 12 келіге жуық түрлі есірткі заты, оның ішінде 8 келіден астам марихуана, 1,5 келі гашиш және 2 келі каннабис шайыры тәркіленді.
БАХЫТЖАН ӘМІРХАНОВ, ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
— Бұдан бөлек, ірі көлемдегі қолма-қол ақша, банк карталары, ұялы телефондар, электронды таразылар, брикеттер, вакуумдау мен өлшеп-орауға арналған құрылғылар, түрлі-түсті оқшаулағыш таспалар және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер қамауға алынды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал