АҚШ-та қызылша ауруы қайта белең алды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

АҚШ-та 2000 жылы толық жойылды деп есептелген қызылша ауруы қайта белең алды. Қазіргі уақытта дертке шалдыққандар саны 4 жарым мыңнан асады. Тіпті кісі өлімі бар. Бірақ осыған қатысты нақты статистика әзірге болмай тұр. Мемлекет пен жергілікті билік мәліметтері бір-біріне қайшы. Мәселен, орталық аппарат бұл үшінші өлім десе, Пенсильвания штатының өзінде екпе алмаған 5 адам көз жұмған. Мұндай қайшылықтар Роберт Кеннеди-кішінің тұсындағы денсаулық сақтау реформасынан кейін туындады. Себебі мәліметтер енді аймақтардан тікелей емес, делдал мекеме арқылы жиналады. Қазір індеттің өршу себебін зерттеу үшін Пенсильванияға қосымша мамандар жіберілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал