Түркияда 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салынды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Түркияда он бес жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіні қолдануына қатаң тыйым салынды. Жауапты министрлік көп жыл бойы зерттеп, ел Мәжілісі мақұлдаған жаңа заң бірінші қарашадан бастап күшіне енеді. Бұл құжат цифрлық кеңістікте балаларды қорғаудың нормативтік базасын қалыптастырып отыр.
Ең бастысы, жеткіншектердің желідегі қауіпсіздігі үшін бүкіл жауапкершілік енді ата-анаға емес, тікелей интернет платформалардың өздеріне жүктеледі. Бұдан былай жас мөлшерін тексеру формалды түрде белгі қоюмен ғана шектелмейді. Әлеуметтік желілер «e-Devlet» мемлекеттік цифрлық қызметтер порталы арқылы әрбір қолданушының тұлғасын нақты растауға міндетті. Егер жаңа тәртіп бұзылса немесе талапқа бағынбаса, күмәнді аккаунт бірден бұғатталады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал