Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қазақстан өзге мемлекеттпен кедендік байланысты нығайтып, бірқатар жаңа ереже мен қадамды қолға алды. Дәл осы тақырып Құрылтайда талқыланып жатыр. Кедендік рәсімдерді оңтайландыру, тауар айналымын арттыру және өзара тиімді шешімдерді қабылдау үшін қандай шешім қабылданды?
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Мен бүгін Құрылтайдамын. Бүгінгі отырыста Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кедендік байланысты күшейту мәселесі қаралды.
Екі елдің шекарасында кеден қызметінің өкілдіктерін ашу ұсынылып отыр. Бұл екі жақтың ақпаратты жедел алмасып, шекарадағы жұмысты бірлесе үйлестіруіне мүмкіндік береді.
Қазір Қазақстан мен Өзбекстан арасында 11 өткізу пункті жұмыс істейді. Оның сегізі – автомобиль, үшеуі – теміржол арқылы қатынайтын бекеттер. Былтыр Қапланбек, Қазығұрт және Атамекен бекеттері жаңартылды. Алдағы уақытта «Жібек жолы» өткізу пункті де пайдалануға беріледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.