Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қызметкерін сақтандырмаған. Батыс Қазақстан облысында 4700-ден астам қызметкер өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырусыз жұмыс істеп келген. Заңды белінен басқан 51 ұйым анықталды. Тек прокуратураның араласуынан кейін ғана қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.
Енді өндірістік жарақат алу, еңбекке жарамсыз болып қалу немесе қаза табу жағдайлары сақтандырылды. Заң бойынша міндетті сақтандыру шартын жасасып, оның қолданылу мерзімін қадағалау – жұмыс берушінің міндеті. Сақтандырусыз жұмыс істегені үшін айыппұл қарастырылған. Ұйымның санатына қарай оның мөлшері төрт миллион теңгеден асуы мүмкін.
ІЛИЯС ҚҰСАЙЫНОВ, БҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:
— Жұмыс берушілер тексеруді күтпей-ақ, өз бетінше тексеріс жүргізіп, қолданыстағы сақтандыру шарттарының бар-жоғын, олардың мерзімін және барлық қызметкердің сақтандырумен қамтылғанын анықтауы қажет. Прокуратура органдарының ұстанымы айқын. Жұмыс берушілердің міндетті сақтандырудан үнемдеуі қызметкерлердің қауіпсіздігі мен әлеуметтік кепілдіктеріне нұқсан келтірмеуге тиіс.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.