Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында прокурорлық тексерістен кейін ауыз су тарифі қайта қаралды. Өңірдегі 25 елді мекенде су мұнаралары мен су құбыры желілері салынғанымен, олар уақытылы коммуналдық меншікке өткізілмеген, яғни құжаттары дер кезінде рәсімделмеген. Соның салдарынан ауыл тұрғындары мемлекеттік субсидияны пайдалана алмай, судың әр текше метріне 150 теңгенің орнына 666 теңге төлеп келген. Прокурорлар бұл мәселені анықтағаннан кейін, құны 4 миллиард теңгеден асатын 6 нысан коммуналдық меншікке берілді. Енді 300-ге жуық абонент үшін су тарифі 150 теңгеге дейін төмендейді. Қалған 19 нысан қазіргі уақытта тіркеу кезеңінде тұр. Олардың құжаттары толық рәсімделгеннен кейін, тарифтің арзандауы аудандағы барлық 886 абонентті қамтиды. Рәсімдеу процесінің не себепті созылғаны және бұған кім жауапты екені ресми түрде хабарланған жоқ.
ҚУАНЫШ ЕРДӘУЛЕТ, БҚО ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
— 25 ауылда су мұнаралары мен құбырлары бұрын салынғанымен, құжаттары уақытында реттелмеген. Соның кесірінен мемлекеттен берілетін көмек бөлінбей, 886 абонент таза суды 150 теңгеге емес, 666 теңге төлеп алған. Шенеуніктер құжатқа салғырт қараған. Ал тұрғындар артық ақша төлеуге мәжбүр болды
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.