Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ақтөбеде мемлекетке тиесілі жерлер заңсыз үлестірілген. 90 гектардан астам жер телімі үкіметке қайтарылды. Олардың құны бір жарым миллиард теңгеден асады.
Прокурорлар қала аумағында жер заңнамасының сақталуын тексерген. Сөйтіп, жер учаскелерінің міндетті байқаусыз негізде берілгенін анықтаған. Жалдау шарты жарамсыз деп танылған нысандар да бар. Оның үстіне сот шешімдері де орындалмай келген. Құзырлы орган өкілдері жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтаруға кіріскен.
САНАТ САМЖӘМИ, АҒА ПРОКУРОР:
— Жер учаскелерін белгіленген тәртіпті бұза отырып оның ішінде міндетті конкурстық рәсімдер өткізілмей берілгені анықталды. Сонымен қатар жалдау шарттары жарамсыз деп танылғаннан кейін, жерлерді мемлекетке қайтару бойынша уақытылы шаралар қабылданбаған. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы ауданы 94 гектардан астам құны 1,7 млрд теңге болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.