Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қайғылы жағдайды күтпей, қауіптің алдын алу керек. Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу үшін «Электрондық қорғаныс аймағы» жүйесін енгізу ұсынылды. Жаңа жоба қауіп-қатерді алдын ала анықтап, полицияның жедел әрекет етуіне мүмкіндік бермек. Бұл бастаманы «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі, Құрылтай депутаты Айжан Аймағанова көтерді.
Елде әйелдер мен балаларды қорғауға арналған заңдар күшейтіліп, түрлі шаралар қабылданғанымен,тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары әлі де азаймай отыр. Депутаттың пікірінше, қолданыстағы жүйе қылмыс болғаннан кейін ғана әрекет етумен шектелмеуі керек. Ең бастысы, қауіптің алдын алып, қайғылы жағдайға жол бермеу.
АЙЖАН АЙМАҒАНОВА, ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ПФ МҮШЕСІ:
— Қауіп туралы сигнал түскенде полицияның нақты не істеу керектігін белгілейтін бірыңғай міндетті алгоритм белгілеу керек. Үшінші, әрбір қауіп сигналы және сол бойынша қабылданған шаралар автоматты түрде цифрлық тіркеуге алыны керек. Бұл әрбір сигнал бойынша кімнің қашан қандай шара қабылдағанын нақты көруге мүмкіндік береді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.