Шекарада ұзын-сонар кезек: Қазақстан мен Өзбекстан жаңа келісімге келді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Шекарада шақырымға созылған кептеліс. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өткізу бекеттерінде жүк көліктері мен туристер әлі де ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Бұл мәселе Құрылтайда көтерілді.
Шекара бекеттерін жаңғыртуға Қазақстан 118 миллиард теңге жұмсаған. Оның 59 миллиардқа жуығы Өзбекстанмен шекарадағы бекеттерге бағытталған. Соған қарамастан, өткізу бекеттеріндегі жүктеме азаймай отыр. Енді екі ел кеден қызметтерінің өкілдіктерін ашпақ. Тиісті келісімді депутаттар ратификациялады. Бұл шекарадағы ақпарат алмасуды жеделдетіп, түйткілдерді бірлесіп шешуге мүмкіндік бермек. Екі елде кеден қызметінің өкілдіктерін ашу жүк тасымалын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Құрылтай депутаттары бүгін тиісті келісімді бірінші оқылымда мақұлдады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал