Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Еліміздің солтүстігінде еріктілерге құрмет көрсетілді. Петропавлда алғаш рет «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Волонтёрлар аллеясы» ашылды. Ол үшін «Ойқала» шағын ауданының таңдалуы бекер емес. Себебі осыдан екі жыл бұрын болған алапат тасқын кезінде мұнда мыңдаған үй су астында қалып, жартысы апатты деп танылған еді. Сол кезде тұрғындар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірліктің нағыз үлгісін көрсетті. Сондықтан бұл жолы жиналған жұртшылық мұнда қайың, алма, долана секілді 100 түп ағаш отырғызды. Осылайша, белсенділер бос қалған аумақты көгалдандыруда. Енді аллеяның тазалығы мен көшеттердің күтіміне волонтерлердің өзі жауапты болмақ. Болашақта бұл жер қала тұрғындарының серуендеп, тынығатын саябағына айналады.
ГЕННАДИЙ ЯЗЫКОВ, ВОЛОНТЕР:
— Табиғи апаттың болғанына екі жыл өтті. Сондықтан біз, «күміс волонтерлар», жастармен бірігіп, осы жерде гүлзар ашуды ұйғардық. Міне, ағаш отырғызып жатырмыз. Ертең жайқалып өскен бұл желектерді ұрпағымыз көрсе дейміз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.