Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
«Медеу» биік таулы кешенінің мұз айдыны. Жастарымыз жайған Көк Туымыздың алып полотносы көздің жауын алады. Бұл – Алматыда Республика күніне орай «Менің елім – менің туым» атты ауқымды патриоттық акция аясында өтіп жатқан іс-шара. 500-ге жуық жас жиналып өздерінің Отанға деген сүйіспеншілігін осылай білдіріп, нақ патриот екендіктерін көрсетуде. Іс-шараны «Әділет» партиясы жастар қанатының қалалық филиалы ұйымдастырды. Флешмобқа қатысушылар қолдарын кеудесіне қойып, Мемлекеттік Әнұранды бір дауыспен орындап шықты. Сондай-ақ мереке қарсаңында жастар ел аумағында 5 мыңға жуық мемлекеттік ту ілуді бастады. «Әділет» партиясының жастар қанаты ұйымдастырған патриоттық науқан 25 қазанға дейін жалғасады.
АЙДАР КҮНТУБАЙ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ «ЖАСТАР ҚАНАТЫ» ТӨРАҒАСЫ:
— Іс-шараның мақсаты – жастарымыздаң патриоттық сезімін ояту. Бүгінгі шарамызға 500-ден астам жас жұмылдырылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.