Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Шығыс Қазақстан облысын қар басты. Кеше кешке өңірде секундына 15 метрге дейін жететін ұйытқыма жел мен қарлы боран салдарынан «Өскемен – Алматы», «Өскемен – Семей» және «Өскемен – Риддер – Ресей Федерациясының шекарасы» бағыты бойынша негізгі автожол жабылды.
Қазір қала сыртындағы трасса ашық, алайда полицейлер жүргізушілерге жазғы дөңгелекті қысқысына ауыстыруды кейінге қалдырмауға кеңес береді. Дегенмен Өскемен тұрғындары үшін бұл қар күтпеген жағдай болған жоқ. Қалалық коммуналдық қызметтер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, магистральға инертті материал себілді. Шығыс Қазақстанда қазан айында қар жаууы – жиі болатын әрі уақытша құбылыс. Ауа температурасы нөлден жоғары болғандықтан, қар тез ериді.
Айта кетейік, синоптиктер қараша айында күннің қайта жылынатынын болжап отыр.
Қызметкерін сақтандырмаған. Батыс Қазақстан облысында 4700-ден астам қызметкер өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырусыз жұмыс істеп келген. Заңды белінен басқан 51 ұйым анықталды. Тек прокуратураның араласуынан кейін ғана қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді. Енді өндірістік жарақат алу, еңбекке жарамсыз болып қалу немесе қаза табу жағдайлары сақтандырылды.Заң бойынша міндетті сақтандыру шартын жасасып, оның қолданылу мерзімін қадағалау жұмыс берушінің міндеті. Сақтандырусыз жұмыс істегені үшін айыппұл қарастырылған. Ұйымның санатына қарай оның мөлшері төрт миллион теңгеден асуы мүмкін.
ІЛИЯС ҚҰСАЙЫНОВ – БҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ
Ауд/Жұмыс берушілер тексеруді күтпей-ақ, өз бетінше тексеріс жүргізіп, қолданыстағы сақтандыру шарттарының бар-жоғын, олардың мерзімін және барлық қызметкердің сақтандырумен қамтылғанын анықтауы қажет. Прокуратура органдарының ұстанымы айқын. Жұмыс берушілердің міндетті сақтандырудан үнемдеуі қызметкерлердің қауіпсіздігі мен әлеуметтік кепілдіктеріне нұқсан келтірмеуі тиіс.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.