Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
ЖҰМБАҚ ӨЛІМ
Шымкенттегі жұмбақ өлім. Пәтерден табылған екі баланың өліміне не себеп болды? Ауруханаға жеткізілген үшеудің жағдайы қалай? Оқиға орнындағы тергеу жұмыстары туралы толығырақ айтамыз.
СУБСИДИЯ ЖОҚ
Құбырдан аққан суға тұрғындар 4 есе артық төлем жасаған. Батыс Қазақстан облысындағы 25 ауыл субсидиядан құр қалды. Су мұнаралары коммуналдық меншікке уақытылы берілмеген. Прокуратура бұл заңсыздықты қалай анықтады?
КҮМӘНДІ ТӘТТІ НАН
Қандай тағам жеп жүрсіз? Астанада кондитерлік өнімге есірткі қосып сатқан интернет-дүкеннің қызметі әшкере болды. Кондитерлік өнімдерге марихуана мен гашиш қосып, тәулік бойы бизнес дөңгелеткен қылмыстық топ ұсталды.
EGOV-ТАҒЫ ЕРЕКШЕ БАТЫРМА
Бәс тігуге тәуелді емес. Жарты миллионнан астам қазақстандық құмар ойыннан ерікті түрде бас тартты. Еговтағы бір батырма адам өмірін қалай құтқарады? Бұл шешім сансыз отбасының берекесін сақтап қалды.
ЖОЛ ЖАБЫЛДЫ
Жолдар жабылып, құтқарушылар күшейтілген режимге көшті. Шығыс Қазақстанда ауа райы күрт бұзылып, қалың қар түсті. Жүргізушілерді әбігерге салған төтенше жағдайдың мән-жайын толығырақ айтамыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.