Жамбыл облысында жекеменшік балабақшада тәрбиеші баланы ұрып-соққан

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Жамбыл облысында жекеменшік балабақшада жаға ұстатарлық жағдай болды. Тәрбиеші баланы ұрып-соққан. Қазір ол тергеліп жатыр.
Кадрлардан мектепке дейінгі мекеме қызметкерінің балаға қол көтергені анық көрінеді. Екі жасар бүлдіршіннің денесі көгергеніне алаңдаған анасы тәрбиешілерден түсініктеме беруді талап етті. Олар өздерін ақтап, балалардың өзара төбелескенін алға тартқан. Алайда баланың денесі күн сайын көгеріп келетін болған. Содан кейін анасы бақылау камераларындағы бейнежазбаны көрсетуді талап еткен. Бірақ одан да ештеңе шықпаған. Ақыры дегеніне жеткен әйел видеодағы көріністі көріп есінен танып қалған.
ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Аталған дерекке қатысты кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән жайын жан-жақты толық және объективті анықтау мақсатында қажет тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу нәтижесіне сәйкес, тиісті процесстік шешім қабылданады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал