Щучинскідегі тұрғын үйде лифт шахтасындағы қоқыс тұтанды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Ақмола облысының шипажайлы мекені Щучинск қаласында түн ортасында дүрбелең туды. Тоғыз қабатты үйдің бірінде лифт шахтасындағы қоқыс тұтанды. Оны тастаған кім екені белгісіз. Құқық қорғаушылар анықтап жатыр. Оқыс оқиғаға байланысты құтқарушылар 75 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Тұрғындар автосатымен және баспалдақ маршы арқылы сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Тек қатты шошынып қалған.
ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Шақырту орнына Ақмола облысы ТЖД күштері жіберіліп, 4 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді. Сондай-ақ автосаты мен баспалдақ маршының көмегімен 75 адам, оның ішінде 20 бала эвакуацияланды. Өрттің шығуына отты абайсыз қолдану, дәлірек айтқанда, сөндірілмеген темекі тұқылы тасталған болуы мүмкін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал