Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Шығыс Қазақстан облысында тауда қалған туристер құтқарылды.
Оқиға Күршім ауылынан 15 шақырым жерде болған. Жолда көліктері бұзылған 5 адам Starlink арқылы байланысқа шыққан. Құтқарушылар «Трэкол» көлігімен шамамен 100 шақырым жол жүріп, көмекке жеткен. Олар бұзылған машинаны ауылға дейін сүйреп апарды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Төтенше жағдай қызметкерлері тауға шығарда көлікті тексеріп, ауа райын ескеруді және жанармай мен байланыс құралдарын алдын ала дайындауды ескертеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.