Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Автобус жүргізушісінің куәлігін көрсетуді сұрайтын күн туды. Өйткені Шығыс Қазақстан облысында жүргізуші куәлігі жоқ адам автобуспен жолаушы тасымалдады. Арнайы шара кезінде тоқтатпағанда әлі де адам тасып жүре берер ме еді?
Полицейлер «Құқықтық тәртіп» акциясын пайдаланып, бүкіл қоғамдық көлікті тексергенде осындай деректі анықтады. Жүргізуші құжаты сот шешімімен тоқтатылған. Үш бірдей баппен хаттама толтырылды. Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ, жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзды және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамады деп айыпталды.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
«Бұдан бөлек, полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзғанын анықтады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірден үш бабы бойынша хаттама толтырылды. Автобус арнайы айып тұрағына қойылды. Полиция жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауға байланысты бақылауды жалғастырып жатыр».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.