Алматыда полициядан қашқан жүргізуші бірнеше бап бойынша жауапқа тартылады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Түнгі қаладағы қуғын. Алматының Бостандық ауданында таңғы сағат 4:30 шамасында тәртіп сақшылары мемлекеттік нөмірі жоқ «Toyota» көлігін байқаған. Алайда тізгіндегі 19 жастағы бозбала полицейлердің тоқтау туралы заңды талабына бағынбады. Керісінше жылдамдықты шамадан тыс арттырып, адам көп жүретін көшелермен қашуға тырысқан. Тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етіп, күдікті көлікті бұғаттады. Бұзақы алысқа ұзай қойған жоқ. Ол бірден көлік жүргізу құқығынан шеттетіліп, темір тұлпар арнайы айып тұрағына жөнелтілді. Енді жас жүргізуші жасаған ісі үшін бірнеше құқық бұзушылық бабы бойынша жауапқа тартылады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Рульде Алматы қаласының 19 жастағы тұрғыны болған. Ол көлік басқарудан шеттетіліп, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Жүргізуші бірнеше құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылды. Алматы полициясы жолда өзіне сенімділік танытып, жауапкершіліктен қашу айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал