Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Екі жарым тоннадан астам алтын кені. Қаскөйлер құны бір жарым миллиард теңге болатын қымбат металды елден заңсыз шығармақ болған.
Жетісу облыстық Қаржылық мониторинг агенттігі департаментінің қызметкерлері ірі қылмыстық схеманың бетін ашты. Күдіктілер алтынды мыс концентраты кейпінде тасымалдауды жоспарлапты. Тергеу ізі Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы қоймаларға алып келді. Қазіргі уақытта қылмыстық тізбектің барлық қатысушылары мен экспорттаушы компанияның жетекшісі анықталды. Тергеу жалғасып жатыр.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Кейінгі тергеу және жедел іздестіру шаралары барысында Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы қоймалардан ірі контейнерлерге салынған 1 000 тоннадан астам шикізат табылды. Тергеу барысында заңсыз әрекеттерді ұйымдастыруға қатысы бар «RedGold Mining» ЖШС экспорттаушы компаниясының директоры мен өзге де тұлғалар анықталды. Екі күдікті қамауға алынды. Соттың рұқсатымен серіктестіктің ақшалай қаражатына тыйым салынды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.