Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Шытынаған терезе. Күл талқан болған зат. Шошынған тұрғын. Алматының қақ ортасында орналасқан тұрғын үйдің сиқынан кісі шошиды. Пәтердегі жарылыстан екі бала зардап шекті. Қалалық әкімдік өкілдері балалардың жарақаты жеңіл деп отыр. Оқиға орнына келген дәрігерлер қажет медициналық көмек көрсетті. Ауаға таралған газ жарылған. Оқиға «Esentai City» тұрғын үй кешенінде тіркелді. Мамандар төтенше жағдайдың нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
ДМИТРИЙ КИМ — МИБ ТӨРАҒАСЫ:
— Анықтаушы келіп, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазірше ресми жауапты күтіп отырмыз. Шынымды айтсам, мен тек көршілерім үшін уайымдадым. Не дегенмен олар менің көршілерім ғой, мына жағдайды көргенде қатты қорықтым. Маған ең бастысы – адамның аман болғаны.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.