Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Маңғыстау облысында бекіре тұқымдас балықтың жаппай қырылу себебі анықталып жатыр. Соңғы екі тәулік ішінде жағалаудан 173 өлексе табылды. Мамандардың мәліметінше, қырылған балық бір жерге шоғырланбаған. Олар ұзындығы 15 шақырымға созылып, жағалай шашылып жатыр. Қалдықтары күн астында ұзақ жатқандықтан әбден кеуіп кеткен. Браконьерлік торлардың іздері жоқ. Қазір балықтардың жаппай қырылуына не себеп болғаны зерттеліп жатыр. «Алайда оқиғаның нақты неден болғанын дөп басып айта алмаймыз», — дейді мамандар.
ГҮЛМИРА ӨТЕТІЛЕУОВА, БАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
— Комиссия құрылды. Каспий теңізінің суынан және балық өлекселерінің жұмсақ жерінен сынама алынып, зерттеуге жіберілді. Қазіргі таңда басқарманың мемлекеттік инспекторлары мониторинг жұмыстарын жалғастырып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.