Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қарағандыда Қытай, Түркия және Ресейден арзан тауар әкеліп береміз деп халықты алдаған екі құрбы бір миллиард теңгеге жуық қаржы жымқырғаны үшін сотталды. Алаяқтар нарықтан бірнеше есе арзан баға ұсынып, тұрмыстық техника, тіпті көлік әпереміз деп жұрттың бәрін сендірген. Нәтижесінде, миллиондаған қаржыны қалтасына басқан кәсіпкер мен оның менеджері 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Алайда үйде кішкентай балалары бар болғандықтан, олардың жазасын өтеу мерзімі бір жылға шегерілді. Сотталушылар өздерінің жазықсыз екенін айтып, «ақшаны қолдан келгенше қайтарып жаттым» деп ақталғанымен, сот үкімімен келіспей апелляцияға шағымданбақ. Қаржыдан қағылған тұрғындар енді алданған қаражаттарын қайтарып алуды талап етіп отыр.
АНАСТАСИЯ СЕМЁНОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
— Біз бұдан да көп мерзім сұраған едік. Бірақ заң бойынша бұдан артық беруге болмайтындықтан, осы шешімге де ризамыз. Ал түрмеге отырмау үшін ақшамызды бір жыл ішінде қайтаруы керек деген талап біз үшін тиімді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.