Теміртаудағы орталық алаңды жөндеу неге созылып кетті?

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Жол апаты, жабылған дүкен және әбігерге түскен жұрт. Теміртаудағы орталық алаңды жөндеу неге созылып кетті? Құбыры тозған аумақтағы бейберекет тіршілік қашанға дейін жалғасады?
Теміртауға кіреберісте орналасқан орталық алаң – металлургтер қаласының көрікті орнының бірі. Мұнда ірі сауда және әлеуметтік нысандар бар. Сондықтан алаңда қала тұрғындары жиі серуендейді. Алайда абаттандыру басталғанда жер астындағы құбырлардың да тозғаны белгілі болды. Сол себепті құрылыс жұмыстары тоқтап, жөндеу мерзімі созылып кеткен.

ТАТЬЯНА ЛУЗАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Шілде-тамыз айларында жұмыс мүлде тоқтап қалды. Екі ай бойы ешқандай жұмыс жүргізілген жоқ! Мұнда адам сүрініп құлап, аяқтарын жарақаттап жатыр. Жолдың бәрі жабық. Өзім де көлік жүргіземін, бірақ жүргенің айналып. Жол апаты да жиі болады. Көзіммен көрдім.

Жол жабық. Сондықтан тұрғындар айналма жолмен жүруге мәжбүр. Көлік кептелісі де көбейді. Бұған қоса, кейбір нысанға жету мүмкін емес. Ал кәсіпкерлер жолдың жабылуы сауда-саттыққа кері әсерін тигізіп отыр. «Табыс та төмендеді», — дейді.

ИРИНА ИЗРОДА-ТИНЬКОВА, КӘСІПКЕР:
— Жол жабылғаннан кейін абаттандыру жұмыстарын жүргізген мердігер ұйым да, су құбырларын тартқан коммуналдық қызмет те жұмыс істемеді. Осы уақытта дүкеніміздің саудасы да төмендеп, шығынға баттық.

Қала әкімдігінің мәліметінше, алдымен жылу және су құбырларын жөндеу қажет. Қазір бұл жұмыстардың басым бөлігі аяқталған. Дегенмен алаңды абаттандыру мерзімі келесі жылға шегерілді.
АДИНА ЫСҚАҚОВА, ТҮКШ БӨЛІМІ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
— Қазір шағын сәулет нысандарын орнату және орталық бульвар бөлігіндегі тротуар плиталарын төсеу жұмыстары қалды. Біздің болжамымыз бойынша, олар 2027 жылдың мамыр айының соңына дейін аяқталады.

Жаңартылған алаңда жаңа асфальт пен тротуар төселіп, орындықтар мен жарық шамы орнатылады. Сондай-ақ түрлі сәулеттік нысан салынып, ағаш отырғызылады. Аумақ көркейе түспек. Алайда тұрғындар жөндеу жұмыстарының тағы да кейінге шегерілгеніне наразы.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал